«Бүгінгі күні республикамызда, бүкіл әлемдегі секілді инфекциялық емес аурулар түрінің деңгейі жоғарылап отыр. Мәселен, өлім-жітім көрсеткішінде қайтыс болудың жартысына жуығы қан айналымы жүйесі ауруларына тиесілі - 26 пайыз, асқынған миокарда инфаркті - 5,5 пайыз, қатерлі ісіктер - 13 пайыз, жарақат алудан болатын аурулар - 11 пайыз, босану барысында және балалар аурулары - 3,6 пайыз. Сарапшылардың есептеуінше, осы дерттер бойынша шығындар Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығын 8 жылға дейін қысқартады», - деді министр Т. Дүйсенова.
Оның айтуынша, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» жаңа бағдарламасында жоғарыда аталған 5 ауру түрлерін емдеу мен алдын алуға баса назар аударылады. Өйткені, дәл осы бес бағыттағы ауру түрлері ел демографиясына айтарлықтай әсер етеді.