«Біз шілде айына дейін күнбағысты сыртқа шығаруға, маусым айына дейін тазартылмаған күнбағыс майын сыртқа шығаруға сәйкесінше 140 мың және 125 мың тонна көлемінде квота енгізгенбіз. Сондықтан, ішкі нарық шикізатпенде, өндіріспен де қамтылған. Өзге елдерге қарасаңыздар, күнбағыс майының құны 3-4 есе қымбаттаған. Осы қабылданған шаралардың арқасында баға айтарлықтай тұрақты», - деді ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Сондай-ақ, министр өнімдерін еркін экспорттай алмай отырған күнбағыс тұқымын өндірушілердің шағымы туралы пікір білдірді.
«Сыртқа шығарып сатсақ, тоннасына 350-400 мың теңге алар едік. Ал біздегі зауыттар 240-250 мың теңге ғана төлейді» деп отыр. Біз бұл мәселені зерттеп жатырмыз. Бірінші айтарым, біз өзімізде өндірілетін тұқымның бәрін сыртқа сатып жіберіп, өзіміз тұқымсыз қала алмаймыз. Кезінде Түркиядан күнбағысты 4-5 есе қымбатқа сатып алған кездеріміз болған. Осыған байланысты бізге теңгерімді табу керек. Қазір іздеп жатырмыз. Күнбағыс майын өндірушілермен бөлек, тұқым өндірушілермен бөлек сөйлесіп отырмыз.
Әзірше квота бар. Жазға қарай енді не істейтінімізді қараймыз. Бұл жерде екі жолы бар. Не баж салығын енгіземіз. Бірақ баж салығын енгізу бағаның одан әрі өсіп кетпеуіне кепілдік бере алмайтынын айтқым келеді. Талап әкеткен кезде әрекет етіп үргермей де қаламыз. Бұдан кім ұтады? Шартты түрде айтсақ, күнбағыс майы мен тұқымын шығаруға 100 доллар көлемінде баж салығын енгіздік, бюджетке 40 млрд теңге түсті дейік. Ал өзімізде күнбағыс болмай қалады. Теңгерім табуымыз керек деп отырғаным осы», - деді Ербол Қарашөкеев.
Бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың елдегі 127 көтерме және бөлшек сауда базарында бағаны бақылауға арналған тексерулер жүріп жатқанын мәлім еткенін жазған болатынбыз.