Министр медициналық сақтандырудың жаңа моделінің жетістіктерін талқылады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2020 жылдан бастап бір адамды медициналық қамсыздандыруға жылына 92,2 мың теңге бөлінетін болады. Бұл 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін жаңа МӘМС және тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі моделінің арқасында мүмкін болмақ. Бұған тек міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын адамдар ғана қол жеткізе алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралыАлматыда өткен сақтандыру медицинасына алынған бағыт туралы өткен конференциябарысында ҚР ДСМ басшысы Елжан Біртанов айтты.

«Жаңа жүйегедайындық өте жоғары. Біріншіден, бүкіл нормативтік стандарттар, заңдар,бұйрықтар қабылданды. Ең маңыздысы инфрақұрылым жағынан бәрі қамтылған. МӘМС 2жыл істеп келеді. 2 жыл ішінде Медициналық сақтандыру қоры медициналық мекемелерменкелісім шартқа отырып ай сайын төлем жасалып жатыр. Ақпараттық жүйелер,цифрландыру мәселесі шешілуде. Техникалық жағынан дайындық өте жоғары болмақ.

Халықты, сақтандыру компанияларының өкілдерін, медициналық қызметкерлерді түсіндіру, оқыту жұмыстарын бастап жатырмыз. Офис құрылып жатыр. Денсаулық сақтау басқармаларының басшыларыөздері келіп танысып жатыр. Дайындық 100 пайыз деп айтуға болмайды. Бұлкезең-кезеңімен жүзеге асатын дүние. Біздің ойымызша 95 пайыз халқымыздыңдайындығы бар», - деді минситр Елжан Біртанов.


ДСМ басшысыныңайтуынша, келер жылдан бастап денсаулық сақтау саласындағы ең маңызды мәселе еңнегізгі медициналық қызметтерге қол жетімділік, дәрі дәрмектергеқолжетімділік мәселесі шешілетін болады.

«Қазір жылда адамбасына медициналық қаржы көлеміне қосымша 60 пайыздан астам қаржы қосылады.Жаңа жүйе қосымша дәрі дәрмек, диагностика, оңалту шараларынан өтуге мүмкіндікбереді. Медициналық қызметкерлердің айлығын көтеруге мүмкіндік туады.Бұрынғыдай бір адамға 52,5 мың теңге емес, жылына 92,2 мың теңге бөлінетінболады. Мемлекет басшысы үкіметке тапсырма берді. Мәселені қосымша зерттеп,ақылдасып, 1 қазанға дейін ой бөлісетін боламыз. Келер жылдың 1 қаңтарынанбастау қажет», - деді министр.



Жаңаданенгізілетін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен МӘМС жаңажүйесінің арқасында адамдар екі пакет арқылы медициналық көмек алатын болады.

Бұл жүйеқыркүйектен бастап Қарағанды облысында тестілік режімде енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар