АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы WBO Inter-Сontinental және NABO, WBA Inter-Continental және Fedelatin белбеулерінің иегері, қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламды кезекті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министр Қанатты жаңа титулдарды жеңіп алуымен құттықтай келе, оның жеңісі миллиондаған қазақ жастарының боксқа және салауатты өмір салтын ұстануға себеп болғанын жеткізген.
Мұхамедиұлы Қанатқа шаршы алаңда шаршамай, биік белестерді бағындыруына тілектестігін білдірді.
Мұхтар Қалимоллаұлы
Еуразия Ұлттық Университеті түлегі. 2016 жылдан бастап Kazinform агенттігінде жұмыс істеймін.