«КСРО кезінде Су ресурстары министрі болған Нариман Қыпшақпаевтың айтуынша, 1991 жылға дейін Сырдария арқылы келетін судың үлесі 17 млрд текше метрден астам болған екен. Қазір 10-12 млрд текше метр ғана. 30 жылдың ішінде 4 млрд текше метр үлесімізді жоғалтып отырмыз. Министр ретінде осы үлесті қайтаруға күш саласыз ба?», – деп сұрады БАҚ өкілдері.
Министр бұл мәселені су саласының ардагер сарапшысымен жеке талқылағанын айтады.
«Нариман Қыпшақпайұлымен жолыққанмын. Осы қызметке тағайындала салып, бардым. Ол кісі ауруханада жатыр екен. 1,5 сағаттан астам пікір бөлістік. Осы Сырдария бойынша да мәселе көтерілді. Өзінің ойын, көзқарасын айтты. Енді судың көлемі әр өзен бойынша жыл сайын өзгеріп тұрады. Ол судың қалыптасқан өз жағдайына байланысты. Бір жылы сол Сырдариядан 12-15 млрд текше метр су өтеді. Су жоқ жылдары 56 млрд текше метрге немесе 7-8 млрд текше метрге түсіп кетуі мүмкін. Жалпы су қай жылы қалай қалыптасады? Мәселе соған байланысты болып тұр.
Әрине, суды көбірек алуға мүдделіміз. Бірақ оған өзінің бекітілген келісімі бар. Сол келісімдер бойынша жұмыс істейміз», – деді Нұржан Нұржігітов.