«Былтыр сапасы төмен астық көп болды. Мемлекет қолдауының арқасында сол астықты сатып алынды. Осы жылы да тиісті бағаны беріп жатырмыз. Яғни бидайдың үшінші санатына бір бөлек, сондай-ақ 4 пен 5 каласс бойынша тиісті баға белгіленді. Бұл астықтың бәрін сатып аламыз», - деді А. Сапаров Парламент Мәжілісінде биылғы астықты өткізу мәселесін талқылауға арналған жиыннан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ауыл шаруашылығы министрі Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астықты тікелей сатып алу жоспарына түсінік берді.
Бастапқы бұл бағытта 10 млрд теңгені бөледі.