«Шынында да Тайландта ондай оқиға болды. «SCAT» әуе компаниясы бойынша жағдайы анықталды. Онда техникалық себеп болған. Комиссия жұмыс істеп шықты. «SCAT» берген тізім бойынша ондағы қазақстандық жолаушыларға бүкіл жағдай жасалды. Қонақ үйге орналастырылып, тамақ берілді», - деді министр.
Айтуынша, ұшақтың бірнеше датчигі істемей қалған.
«Техникалық себеп болғанда, ұшақ бұзылмаған. Адамдарды қорқытпау үшін айту керек. Ақау дегенде, бір датчик істемей қалса да ақау болып есептеледі. Датчик қана істемей тұруы мүмкін. Бірақ себебі толық анықталғанша ұшақ ұшуға жіберілмейді. Бұл оқиға туралы комиссия менің тапсырмам бойынша өз бағасын береді», - деді Қайырбек Өскенбаев.