Министр селекторлық кеңесте нақты тапсырмалар берді

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев селекторлық кеңес өткізді,

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Онда «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасының жүзеге асырылу барысы, 2011 жылы автожол салаларының басқа да нысандарын пайдалануға беру, республикалық маңызы бар жолдардың қысқа дайындығы, техникалық бақылаудан өткізетін орталықтардың дайындығы туралы мәселелер талқыланды.

Селекторлық кеңес жұмысына автокөлік жолдары комитеті мен олардың облыстық департамент басшылары, «Қазақавтожол» РМК, Көліктік бақылау комитеті және оның аймақаралық инспекцияларының жетекшілері қатысты.

Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы З.Сағынов хабарлағандай, ағымдағы жылы республикалық маңызы бар жолдарды дамыту бюджеті 190 млд. теңгені құраған, оның ішінде жолдарды салу мен қайта құрастырудан өткізу үшін 158 млрд. теңге жұмсалса, оларды күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 32 млрд. теңге кеткен.

Министр Берік Камалиев селекторлық кеңесте «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасының жүзеге асырылу барысы, 2011 жылы автожол салаларының басқа да нысандарын пайдалануға беру, республикалық маңызы бар жолдардың қысқа дайындығы, техникалық бақылаудан өткізетін орталықтардың дайындығына қатысты нақты тапсырмалар берді.