Министр шегіртке мәселесіне алаңдаушылық білдіріп отыр

СТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарына арналған мәжілісте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев аймақтардағы шегіртке мәселесін ерекше назарда ұстауды сұрады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2009-2010 жылдары шегіртке сияқты зиянкестердің кеңінен таралатынын еске салған министр: «Енді, абай болу қажет. Биылдан бастап Үкімет осы мәселені шешу мақсатында қыруар қаржы бөліп, тиісті заңнамаға өзгерістер енгізді. Бүгінгі таңда Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары шегірткеге қарсы іс-шараларды қолға ала бастады, қалған аймақтар болса, әрекетсіздік танытуда. Сондықтан мен осы мәселеге ерекше назар аударуды сұраймын», - деді А.Күрішбаев.