Өз кезегінде министр Олимпиадаға даярлық барысында спорттық медицина мен тамақтануды қамтамасыз ету, спортшыларды даярлаудың заманауи инфрақұрылымын құру маңызды екеніне тоқталды.
«Бұдан бөлек, әртүрлі спорт түрінен ұлттық құрама спортшыларын даярлаудың тиімділігін арттыруға бағытталған Кешенді ғылыми топтың жұмысы да аса қажет. Спорт дәрігері, реабилитолог, нутрициолог, травматолог сияқты мамандарды шоғырландыру шараларын қолға алу керек. Физикалық жаттығумен бірге спортшыларды даярлаудың медициналық-биологиялық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі, кешенді тексерулері де маңызды», - деді Ермек Маржықпаев.
Алқа мәжіліске ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т.Дүйсенова, Туризм және спорт министрі Е.Маржықпаев, ҚР Парламентінің депутаттары, министрлікке бағынысты ұйымдардың басшылары, Париждегі Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындық жұмыстарын үйлестіруші штабтың, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция, өңірлік спорт басқарламаларының өкілдері, спорт ардагерлері қатысты.