«Қостанай облысында тасқын салдырынан су басқан ауылдардан халықты Арқалық қаласынан үй алуға мәжбүрлеп жатыр деген ақпарат бар. Қаншалықты рас? Су басқан өңірлердегі тұрғындарды басқа жерге күштеп көшіруге заңды ма?» - деп сұрады журналист.
Қанат Шарлапаев мұндай әрекет заңсыз екенін айтады.
«Жоқ, бүгінде мынандай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Менің мәліметімше, әкімдік 27 пәтерді Арқалық қаласынан сатып алған. Бұл су тасқынынан зардап шеккендерге арналған. Бұл әр адамның өзінің таңдауы. Мысалы, ол Арқалыққа көше ме, ауылда қала ма? Бұл шешімді адам өзі қабылдайды. Әкімдіктен ешқандай қысым болмауы керек», - деді министр.