«Шағын бизнесті қолдауда маңызды қадам Мемлекет басшысының былтыр жариялаған бастамаларын жүзеге асыруға қатысты болды. Президенттің тапсырмасы бойынша 2019 жылы микро және шағын бизнестің табыстарын салықтан босату үшін заңнамалық база қабылданды», - деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында.
Бұл арнайы салық режимін қолданатын бизнеске қатысты.
«Салықтан босату үш жылды қамтиды, яғни 2020, 2021 және 2022 жылы іске асырылады. Нәтижесінде, 1 млн-нан астам микро, шағын кәсіпкерлік субъектісі үш жылда салық бойынша 382 млрд теңгені үнемдейді», - деді Р. Дәленов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, министр биылғы қаңтар-сәуірде экспорт 18 млрд доллар болғанын айтты.