«Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялануы волонтерлік қозғалысты дамытуда ынталандыруға, әсіресе, пандемия кезеңінде елеулі ықпал етті. Атап айтқанда, «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесі аясында волонтерлік штабтар құрылып, жедел байланыс желісі ашылды. Сонымен қатар, 40 мыңға жуық волонтер жұмылдырылып, халыққа нақты көмек көрсетті», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.
Оның сөзіне қарағанда, төтенше жағдай кезеңінде еліміз бойынша қиын өмірлік жағдайға тап болған 1 миллионға жуық адамға көмек көрсетілді. Бұл тұрғыда соғыс және еңбек ардагерлері, қарт адамдар, көпбалалы әрі табысы аз отбасылар қамтылды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 7 қазақстандықты ерікті ретінде БҰҰ құрылымдарындағы жұмысқа бағыттау жоспарланып отыр.