«Жаңа жыл кешін отбасымен қарсы алып, белсенді демалыста өткізген жөн. Ашық ауада серуендеген де пайдалы. Әйтсе де ауқымды шаралардан бас тарта тұруға кеңес береміз. Отбасының ортасында мерекені тойлаған жөн. Көппен қарым-қатынаста болу, қандай да бір шараларға баруды тоқтата тұрған дұрыс», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, Алексей Цой «Қазақстанда желтоқсан немесе қаңтар айларында қатаң карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе» деген сұраққа жауап берген болатын.