Сонымен қатар, Леклер 50 мың еуро көлемінде айыппұл төлеп, 5 жыл көлемінде сайлауға қатысу құқығынан айырылды.
Леклердің айтуынша, ол мұндай қатал шешімді күтпеген көрінеді, енді сотқа шағымданбақ. Ал расизммен күрес ассоциациясының өкілдері соттың бұл шешіміне қанағаттанды.
2013 жылы Леклер тікелей эфирде өткен сұхбаттардың бірінде Тобираны маймылға теңеген еді. Кейін әлеуметтік желілерде бұл талқылана бастайды. Ал Леклердің кандидатурасы сайлаудан алынып тасталады. Бұл оқиға Францияда кең ауқымды қоғамдық толқыныс тудырды.