ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы
Астана қаласы 2012 жылдың 8 мамырынан, №279
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 9-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2864 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 27 қазанда № 133-134 (758) жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5667 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 22 мамырда № 76 (1499) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Кадр жұмысы департаментіне (Ә.Ж. Оразғалиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтуін және мерзімдік басылымдарда жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Г. Демеуовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ.ҚАСЫМОВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 28 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7769 болып енгізілді.