Министрге қарағанда мәселені әкім көбірек біледі - Мәулен Әшімбаев әкімдіктерге қосымша құзырет беру жайлы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Qazaqstan ұлттық телеарнасының «Бас тақырып» бағадарламасына сұхбат берген Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев жергілікті атқарушы органдарға қосымша құзырет беру бастамасының мәнін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті жердегі мәселелерді әкімдер министрлерге қарағанда көбірек біледі. Нені шешу керек, не маңызды, қаржыны қайда бағыттау керек деген мәселелерді әкімдер көбірек білетіні анық. Сол себепті, біз кейбір құзыреттерді жергілікті атқарушы және өкілді билікке беретін болсақ, онда сол мекендегі проблемалар тезірек шешілуі керек. Сонымен қатар, өңірлерді белсенді жұмыс істеуге ынталандыру маңызды. Барлық түскен салықты орталыққа бере бермей, оның бір бөлігін қалдыратын болса, онда салықты көбірек жинауға да қызығушылық болатыны түсінікті», - деп тоқталды Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасының айтуынша, аудандарға жеке бюджет беру мәселесі пысықталады. Қазір аудандар облыстық бюджеттен қаржы алады. Мәулен Әшімбаев билік тармақтарын қайта бөлу кезінде осы мәселелер есекерілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, Парламенті Сенатының төрағасы сұхбат барысында банктердің операциялар арқылы тапқан пайдасына салық салу мәселесі қарастырылатынын айтты.