«Парламент Мәжiлiсiнiң жалпы отырысы әр сәрсенбi күнi өтетiнiн жақсы бiлесiздер. Онда әр министр өз заң жобасы бойынша баяндама жасайды. Ол - бiр. Екiншiден, Парламентте айына екi рет дүйсенбiде үкiметтiк сағат болады. Онда да министрлер өз министрлiгiнiң қызметi бойынша баяндама жасайды. Ал ендi Парламент комитеттерiне министрлер өздерi сұранып келедi, кей кезде. Бiз осыны (министрлер көтерiп отырған мәселенi) депутаттарға, халыққа, БАҚ-тарға жеткiзейiк, деп өздерi келедi. Ал негiзiнен, меніңше, министрлер Парламентте көп уақытын жоғалтпайды. Өйткенi, олардың орынбасарлары, департамент, комитет басшылары көбiне заң талқылауларға қатысады», -деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Депутаттың айтуынша, жалпы жұмыс тобына немесе комитеттердiң отырыстарына министрлер көп уақытта қатыспайды.
«Ал, негiзi бiз осы жұмысты министрлермен бiрiгiп, бiрлесiп отырып шешудi, халыққа қолайлы жағдайды жасауды қарастыруымыз керек. Бiздiң басты мақсатымыз - заң шығару, халыққа қызмет ету. Мiне осыны Үкiмет, атқарушы орган, Парламент бiрiгіп жүзеге асырады деп ойлаймын», - деді Н.Сабильянов.