Сайттың жазуынша, Ренци 16 сәуірге дейін 151 көлікті сатуды жоспарлап отырғанын айтты. Оның айтуынша, бұл саудадан үкімет тек пайда тауып қана қоймай, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен күтіп-баптаудан қыруар қаражат үнемдейді.
Бәссауданың алғашқы сағаттарында 2009 жылы шығып, 141 163 шақырым жүрген БМВ 525 көлігі 13 050 еуроға және 126 718 шақырым жүрген 2007 жылғы Альфа Ромео 6 150 еуроға сатылған.
Бұл екі көлік те бұрын Ішкі істер министрлігінің меншігінде болған. Осы аптада үкімет бәссаудаға тағы 25 көлікті қоюы тиіс.
Айта кетейік, үкімет қарамағындағы қыруар автокөлік көптен бері италиялықтардың наразылығына ұшырап жүрген еді.