Ұйым басшысы атап көрсеткендей, жақында Үкіметте өткен отырыста барлық әкімдердің деңгейінде мүгедектер мәселесі бойынша арнайы кеңесшіні енгізу мәселесі қаралған болатын. Бүгінде ол шешім қабылданып, мүгедектер қатарынан шыққан кейбір кеңесшілер өз қызметіне кірісті. «Алайда бұл бастаманы кеңейтіп, ондай кеңесшілерді министрліктер деңгейінде енгізу керек. Себебі бұл жалғыз еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысы ғана емес. Оған барлық министрліктер жауапты болуы шарт. Біздіңше, соның арқасында мүгедектер мәселесі кешенді түрде шешілетін болады», - дейді Қ. Иманәлиев.
18:29, 21 Қараша 2013
Министрлердің мүгедектер мәселесі бойынша кеңесшілері болуы қажет - «Намыс» бірлестігінің ұсынысы
АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген мәжілісінде жоғары білімі бар мүгедектердің «Намыс» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Иманәлиев осылай айтты.