Министрлік Қарулы Күштерінен шығарылған экс-министрге қатысты түсінік берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігі экс-министр Сәкен Жасұзақовты әскери саладан шығару туралы ҚР Президенті Жарлығының мәнін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің сауалынаберген жауабында Қорғаныс министрлігі Сәкен Жасұзақов бұрын алған әскери атақтарынанайырылмайтындығы айтылған.

«Генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жасұзақов ҚРПрезидентінің өкімі негізінде 2019 жылғы 7 тамызда әскери атағы, мемлекеттікнаградалары мен зейнетақы төлемдері сақтала отырып, Қазақстан РеспубликасыҚарулы Күштерінің тізімінен шығарылды», делінген ресми жауапта.

Сондай-ақ, Қорғанысминистрінің бұйрығымен ҚР Қарулы күштерінің Тыл және қару-жарақ бастығы, ҚР Қарулыкүштерінің Бас артиллериялық басқармасының бастығы мен оқ-дәрілер басқармасыныңбастығы, 44859 әскери бөлімінің командирі (Арыс қаласы) қажетті деңгейде бақылау жүргізбей, қызмет барысында олқылықтаржібергені үшін лауазымдарынан босатылды.

Еске салсақ, ҚРПрезиденті Өкімімен Арыстағы жарылысқа жол берген бұрынғы Қорғаныс министріҚарулы күштер құрамынан шығарылып, үш жоғары әскери лауазымды тұлғаға қатаңсөгіс жарияланған болатын.

Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күнітаңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты - Арыс тұрғыны мен екіәскери қызметші. 170-ке жуық адам зардап шекті. 20-ға жуық үй, 9 қора-қопсыжанып кетті. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде зақымкелді.

Соңғы жаңалықтар