«Онкологиялық аурулардың даму себебі әртүрлі. Бұл сыртқы факторлар, яғни қоршаған орта, экологиялық, кәсіптік факторлар. Сонымен бірге, ішкі факторлар – жас, тұқым қуалаушылық, созылмалы аурулардың болуы, метаболикалық процестердің бұзылуы, гормоналды бұзылулар, темекі шегу, алкогольді ішімдіктер ішу, зиянды тамақтану, қимыл-қозғалыстың аз болуы. Қатерлі ісіктің кейбір ошағы адам папиллома вирусының немесе гепатиттің салдарынан өршуі мүмкін», - делінген департамент директорының тілші сауалына орай жолдаған жауабында.
Қоса кетсек, Қазақстанда онкологиямен ауыратын 210 мыңнан астам адам есепте тұр.
Кейінгі 2 жылда жастардан қатерлі ісік жиі анықталып жатыр.
Жалпы жыл сайын онокологияға шалдыққан науқастарды емдеуге 36 млрд теңге бөлінеді.