Министрлік отандық білім мен ғылымды дамытудың негізгі бағыттарын ұсынады
15:39, 10 Қазан 2013
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Министрлік отандық білім мен ғылымды дамытудың негізгі бағыттарын ұсынатын болады. Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат берген ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты.
Оның айтуынша, қазан айының соңында министрлік отандық білім мен ғылымды дамытудың негізгі бағыттарын Үкіметтің талқылауына салуды жоспарлап отыр. «Аталған бағыттар мақұлданғаннан кейін біз оның барлығын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткізетін боламыз», - дейді А.Сәрінжіпов.