Министрлік тегін дәрімен қамтуға қатысты халық шағымын тексеруде

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша азаматтардан түсіп жатқан шағымдарды өңдеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда мемлекеттік органның электрондық поштасына дәрілік қамтамасыз етуге қатысты 100-ден астам шағым келіп түсті. Оның ішінде 46 пациент өзінің деректерін толық көрсетті, бұл медициналық ұйымдармен мәліметтерді пысықтауға мүмкіндік береді. Негізінен медициналық препараттардың жетіспеушілігі Алматы және Астана қаларында, Шығыс Қазақстан облысында байқалады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Келіп түскен өтініштерді өңдеу кезінде негізделген және негізделмеген шағымдарға талдау жүргізілуде, сондай-ақ «СҚ-Фармацияның» бірыңғай дистрибьюторының қоймаларында дәрілік заттардың бар-жоғы тексерілуде.

«Одан басқа, амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілмеуіне қатысты келіп түскен шағымдарға байланысты өңірлердің Денсаулық сақтау басқармаларына 2018 жылғы қаңтар-ақпанда бөлінген қосымша қаржы қаражатының есебінен сатып алынған дәрілік заттармен халықты қамтамасыз етуді қарау және ол  бойынша шаралар қабылдау туралы хат жіберілді», - деп атап өтті ведомстводан.

                                                                                

Соңғы жаңалықтар