Акцияның мақсаты аумақты қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру үшін Қазақстан халқын біріктіруге саяды.
«Қазақстанның Дүниежүзілік «World Cleanup day 2022» акциясына қатысуы елімізді «Жасыл» экономика қағидатын қолдайтын және 2030 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді іске асыратын ел ретінде танытуға мүмкіндік береді», - деп жазды ведомстводан.
Осыған байланысты министрлік тұрғындардан бастаманы қолдауды және осы акцияға қатысуды сұрайды.