Асқар Тынысбековтың айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында комитет «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға түзетулер енгізбек.
«Екінші түзетулер пакетінің негізгі жаңалығы - Омбудсмен институтының құру. Ол құқықтары бұзылған тұтынушылардың өтініштерін, саладағы жүйелік мәселелерді мемлекеттің бірінші тұлғаларына тікелей жеткізеді. Осыған ұқсас институттар Германия, Швецияда, АҚШ және басқа елдерде бар екенін атап өткен жөн.
Сонымен қоса, заңның базалық қағидаттарын кәсіпкерлік субъектілері көрсететін қызметтердің барлық салаларына әсер етуі тиіс. Қолданыстағы заң әлеуметтік, медициналық, туристік және өзге де қызмет салаларына қолданылмайды.
Мұнымен қатар, бизнес орын алған олқылықтарды сотқа дейін жоюдан бас тартса, онда институттың пайдасы үшін айыппұл салатын норма енгізу қажет. Айыппұл сомасы - 10%-дан 50%-ға дейін. Мұндай норма 1991 жылғы 5 маусымдағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақ КСР Заңында болған. Осыны қалпына келтіру қажет», - деді Асқар Тынысбеков.
Қоса кетсек, биылғы 10 айда құқығы сақталмаған тұтынушылардан түскен арыздар былтырмен салыстырғанда 139 пайызға өскен.