«Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп - қарау жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік институт» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын. Кәсіпорынның міндеті – жерді экономикалық бағалау, оған мониторинг жүргізу, топырақты зерттеу, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу», - деп жазылған Үкімет қаулысының жобасында.
Сонымен қатар, тиісті қаулымен Ауыл шаруашылығы министрлігіне тікелей бағынатын мына құрылымдар енді Жер ресурстарын басқару комитетіне берілмек:
- Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы;
- Аймақтық гидрогеологиялық-мелиорациялық орталығы;
- Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиорациялық экспедициясы;
- Қызылорда гидрогеологиялық-мелиорациялық экспедициясы.
Қаулы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.