Министрлік Жайықтың ластануы бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесін жариялады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық өзені жағалауының ластануы фактiсi бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесі жөніндегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат минситрліктің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

«Атырау облысы бойынша экология департаменті Жайық өзені жағалауының суқорғау аймағының қауіпті химиялық заттармен ластану фактісі бойынша«Нефтегазовый сервисный альянс» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Аталғанөндірістік базаның аумағында химиялық реагенттерден босатылған 220 ЭКС-ЭМмаркалы эмульгаторы бар толық бөшкелер және 75 бөшкелер анықталды. Сондай-ақ аз мөлшерде химиялық реагенттермен жердің ластануы байқалды. Орал өзеніжағалауының ластану фактілері анықталған жоқ»,-делінген хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша жерді химиялық реагенттермен ластау бөлігінде заңбұзушылықтар,өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу ережелерін бұзу, атап айтқандақауіпті қалдықтарды есепке алу мен паспорттың болмауы анықталды.

«Жол берілген заңбұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4 хаттамашығарылып, қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және химиялық реагенттерменластанған жер учаскесін тазалау қажеттігі туралы нұсқама берілді. Сондай-ақтексеру барысында химиялық талдау жүргізу үшін жерасты суларының сынамалары ментопырақ сынамалары іріктеліп алынды, нәтижелері бойынша ластаушы заттардыңшекті рұқсат етілген шоғырлануының артуы анықталмады»,-деп жазылған министрліктаратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, Жайық өзенінен жер бетіндегі судың сынамасы алынған. Жүргізілгенсынақтар нәтижелері бойынша ластаушы заттардың шекті рұқсат етілгеншоғырлануынан асуы анықталған жоқ.
Департамент сот органдарына қызметін тоқтату туралы талап-арыз беріледі.

Соңғы жаңалықтар