Министрліктер үйі ғимаратындағы өрттен ешкім зардап шеккен жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Министрліктер үйі ғимаратында болған өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарланды фейсбуктегі ТЖД баспасөз қызметінің парағында.

«20 сағат 12 минутта Министрліктер үйінде өрт болып жатқандығы жөнінде хабар түсті. Шаруашылық блоктағы шиналар жанған. Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Тілсіз жау 20 сағат 44 минутта ауыздықталды»,-делінген хабарламада.