Бұл туралы бүгін Астанада БАҚ өкілдеріне ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов мәлім етті.
Қазақстанда өзін-өзі басқару саласында өте маңызды қадамдар жүзеге асырылатындығын атап өткен ол: «Орталық органдардың бірқатар өкілеттері жергілікті органдарға беріледі. Яғни, 5 мыңға жуық штаттық бірлік министрліктерден алынып, ауыл аппараттарын құру үшін берілетін болады», - деді.
Ғ.Әбдірахымовтың атап өтуінше, қазіргі уақытта да ауылдық жерлерде әкімдер жұмыс істеуде. Дегенмен, олардың жеткілікті аппараты жоқ. Сондықтан да ауыл әкімдіктері аппараты кеңейтілмек.
«Сонымен қатар оларға біраз жауапкершіліктер де жүктеледі», - деді ол.