Министрлік Астана тұрғындарының үрейін ұшырған дабылға қатысты түсініктеме берді
16:14, 06 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Астанада қала тұрғындары мен қонақтарының смартфондарында Ұлттық ескерту іске қосылды, деп хабарлайды ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ескерту тестілеу режимінде жүргізілді.
— Қазіргі уақытта Астана қаласының Cell Broadcast технологиясы бойынша Төтенше жағдайлар кезінде жаппай құлақтандыру жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Бұл ескерту тестілеу режимінде жүргізілді. Уайымдамауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, — деп түсіндірді ведомство.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда MasАlert жүйесі магнитуда 5,5 балдан төмен кезде іске қосылуы мүмкін екені айтылды.