«Бұл жағдай бәрімізге қатысты, өйткені індетті тоқтатудың жалғыз жолы - вакцинация. Енді бәрі негізгі санатты, яғни қызылшаға жиі шалдығатын 5 жасқа дейінгі балаларды қаншалықты тез және ұйымдасқан түрде қамтуымызға байланысты болады. Жағдайды тұрақтандыруда осы іс-қимылдарға назар аударып отырмыз», - деді А. Есмағамбетова Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Айта кетейік, елімізде қызылша инфекциясының таралуына қарсы жаппай иммундау жүріп жатыр. Бүгінде қосымша вакциналауға жататын 1,5 млн адамның 608 мыңнан астамы егілді, қамту 40,5% құрады.
Мәселен, жыл сайын 1 және 6 жастағы 700 мыңға жуық бала егіледі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда қызылшадан екі бала көз жұмды.