Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС порталында кейбір ақпараттың қазірдің өзінде қолжетімді екенін, бірақ аймақтар мен нақты мекемелер бойынша егжей-тегжейлі талдау одан әрі енгізуді қажет ететінін атап өтті.
- Кейбір деректер МӘМС сайттарында қазірдің өзінде бар, бірақ барлық медициналық ұйым бойынша ашықтықты қамтамасыз ету үшін жүйе кеңейтуге дайындалып жатыр. Депутаттар ашықтық мәселесін көтеріп жатыр, біз де бұған мүдделіміз, - деп атап өтті ол.
Ведомство МӘМС жүйесімен жұмыс істейтін денсаулық сақтаудың мемлекеттік және жекеменшіктегі шамамен 2 мыңға жуық жеткізушісін бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіру жоспары туралы жариялады. Барлық медициналық мекеме қаржы ағындары туралы деректерді, соның ішінде 1 С бағдарламасын автоматты түрде жіберу үшін қаржылық бағдарламаларды синхрондауға міндетті болады.
- Мақсат – сұр аймақтарды жою. МӘМС-тің барлық қаржылық ағыны нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізу үшін қолжетімді болуы керек, қаражаттың мақсатты пайдаланылуы мен жұмыс тиімділігі бақылануы тиіс, - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі.
Ақмарал Әлназарова бұған дейін МӘМС жүйесінің басты нәтижелерін атады.
Сондай-ақ МӘМС денсаулық сақтау саласының негізгі қаржыландыру көзіне айналатынын жазған болатынбыз.