Министрлік Париждегі Олимпиадаға баратындарға қауіпсіздікке қатысты кеңес берді

АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Париждегі Олимпиадаға баратындарға қауіпсіздікке қатысты кеңес берді.

Фото: ҚР Спортты дамыту дирекциясы

«Олимпиадаға баратын азаматтарымызға кеңес бергім келеді. Спорттық іс-шараға келетін адамдар өте көп болатындықтан, жергілікті билік қауіпсіздік шарасын күшейтетіні анық. Олардың талабын мүлтіксіз орындау керек. Әрине, ең алдымен қауіпсіздік туралы ойлану қажет. Кез келген жағдайда дереу Париждегі елшілігімізге хабарласу қажет. Біз оларға көмектесеміз», - деді А. Смадияров министрлікте өткен апталық баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Франция астанасындағы Олимпиада ойындары 26 шілде -11 тамыз күндері өтеді.