«Бүгінде балалардың ұшақпен тегін ұшу бағдарламасы 18 жасқа толғандарға қатысты қолданылады. Онда балалардың санына шектеу жоқ. Дегенмен олардың ата-анасы, заңды өкілдері еріп жүруі тиіс. Бұл әуелден отбасылық, топтық туризмді дамытуға бағытталған. Қазір балалар сынып жетекшісімен басқа өңірлерге лагерлерге барады. Тиісінше, сұраныс артты. Осыған байланысты біз Парламентке ұсыныс енгіздік. Олар қолдап отыр. Бұл шешімді соңына дейін жеткіземіз. Kids go free бағдарламасы бір жетекшінің немесе заңды өкілдің еріп жүруімен балалар топтарына да мүмкін болады», - деді Ержан Еркінбаев.
Оның айтуынша, Kids go free бағдарламасы бойынша 9 айда 1800 бала тегін ұшты. Яғни, 800 қазақстандық отбасы ел ішінде демалуға 80 млн теңге үнемдеді.
Сонымен қоса осы брифингі барысында Ержан Еркінбаев шетелдік туристер алданып қалмас үшін келер жылдан QR-код жүйесі енгізілетінін айтты.