Министрлік жүйедегі ақауларға байланысты колледждерге құжат қабылдау мерзімін ұзартты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазіргі уақытта барлық техникалық ақаулар толық жойылды. Барлық талапкер үшін тең мүмкіндік жасау мақсатында құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу мерзімі ұзартылды.
— «Egov.kz» порталына және «Ұлттық білім беру деректер қоры» (ҰБДҚ) ақпараттық жүйесіне жүктеменің жоғары болуына байланысты колледжге түсуге өтінім беру кезінде талапкерлер үшін уақытша техникалық қиындықтар байқалды.
Қазіргі уақытта барлық техникалық ақаулар толық жойылды. Барлық талапкер үшін тең мүмкіндік жасау мақсатында құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу мерзімі ұзартылды, — делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.
Сараптаудың (конкурстың) аяқталу мерзімдері:
• шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша — 24 тамызға дейін;
• педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша — 25 тамызға дейін;
• орта буын мамандарын даярлау мамандықтары бойынша — 27 тамызға дейін.
Барлық сұрақ бойынша Оқу-ағарту министрлігіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
• Айтбаева Нұршат Жамбылқызы — +7 (717-27) 4-92-84
• Сатанов Дархан Оралұлы — +7 (717-27) 4-24-65
Сонымен қатар облыстық және қалалық білім басқармаларының байланыс нөмірлері:
1. Астана қ. — +7 701 737 40 02
2. Алматы қ. — +7 778 316 49 89
3. Шымкент қ. — +7 777 558 15 53
4. Ақмола облысы — +7 (705-42) 7-42-83
5. Ақтөбе облысы — +7 (702-97) 5-57-57
6. Алматы облысы — +7 (707-69) 3-32-39
7. Атырау облысы — +7 (701-19) 1-02-81
8. ШҚО — +7 (705-52) 8-52-58
9. Жамбыл облысы — +7 (701-40) 5-68-88
10. Жетісу облысы — +7 (707-60) 0-13-85
11. БҚО — +7 (777-28) 6-71-17
12. Қарағанды облысы — +7 (701-18) 1-95-08
13. Қостанай облысы — +7 (776-81) 1-44-22
14. Қызылорда облысы — +7 (705-46) 7-66-91
15. Маңғыстау облысы — +7 (775-12) 2-48-54
16. Павлодар облысы — +7 (777-86) 4-35-88
17. СҚО — +7 (702-86) 6-03-78
18. Түркістан облысы — +7 (771-81) 1-11-55
19. Ұлытау облысы — +7 (705-18) 9-35-51
20. Абай облысы — +7 (702-52) 3-43-89