«Ұсынылып отырған өзгеріс энергетика, жер қайнауын игеру салаларын да қамти ма? Сонда бұдан бұлай салалық министрліктер өздері берген лицензияны сот шешімінсіз-ақ қайтарып ала ма?» - деп сұрады журналист.
Министр заң жобасында көзделген 62 бағыттың ішінде журналист атаған салалар да бар екенін айтты.
«Иә, рұқсаттан айыру шарасын сот құзырынан уәкілетті органдарға беру әр түрлі салада көзделген. Нақты айтсақ, 62 құрамнан тұрады. Яғни, арнайы құқықтан айыру уәкілеті мемлекеттік органдарға беріледі. Егер лицензия иесі арнайы өкілетті органның ол шешімімен келіспесе, сотқа жүгініп өз құқығын қорғай алады.
Министрліктер соттың шешімінсіз лицензияларды тоқтата алады. Бірақ келіспесе, сотқа шағымдануға хақылы», - деді Азамат Есқараев.