Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді

None
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - 21-22 желтоқсан күндері Беларус астанасы - Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 200-ден астам балуан қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Baq. kz .

Аталған сында ел намысын қорғайтын спортшылар:

60 келі - Абзал Арыстанбеков
70 келі - Ерлан Естек
80 келі - Ерсін Мұхамеджанов
90 келі - Мұхит Тұрсынов
+90 келі - Айбек Нұғымаров

Естеріңізге болса, Абзал Арыстанбеков, Ерлан Естек, Ерсін Мұхамеджанов және Мұхит Тұрсынов тұңғыш рет Тараз қаласында өткен "Еуразия барысы" халықаралық турнирінде тамаша өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ, бұл дүбірлі додада "Қазақстан барысы-2013" турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров та бозкілемге шығады. Ұлттық құраманың балуандары көк туымызды желбіретеді деп сенеміз.