Бұл туралы РБК хабарлайды.
Оқиға Паперня ауылына жақын орналасқан Минск-Мядель күре жолында орын алды, деп хабарлады журналистерге Беларусь ТЖМ-нің баспасөз хатшысы Виталий Новицкий.
Оның сөзіне қарағанда, Минскіге бара жатқан автобус жыраға аударылып кеткен. Автобустың ішінде 44 адам болған. Бақытқа орай, қаза тапқандар жоқ, алайда 12 адам жарақаттанды. Олар ауруханаға жеткізілген. Оқиға болған жерге автобусты жырадан шығарып алу үшін арнайы техника жіберілді.
Алдын ала жасалған болжам бойынша, апат ауа райының қолайсыздығынан болған. Бұл елде қазіргі уақытта қар жауып, көктайғақ болып тұр.