Минск метросын жарған айыпталушы өз кінәсін мойындады
20:11, 16 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Минскінің «Октябрьская» метросында лаңкестік ұйымдастырғаны үшін айыпталған Дмитрий Коновалов сотта өз кінәсін мойындады, деп жазады «Газета.ru».
«Метро жарылысындағы өз кінәмді мойындаймын», - деді Коновалов судьяның сұрақтарына жауап бере отырып.
Сотталушылар орнында екінші айыпталушы Владислав Ковалев те бар. Екеуі де лаңкестік орын алғаннан кейін келесі күні ұсталған болатын.
Тергеушілер мәліметтері бойынша, Коновалов лаңкестік қадамға мас күйінде барған. Сондай-ақ 2005 жылы Витебск асханасында лаңкестік ұйымдастырған да Коновалов болып шықты.
Естеріңізге сала кетейік, жарылыс 11 сәуірде Минскінің «Октябрьская» метросы стансасында жарылыс болды. Онда 15 адам қаза болып, екі жүзге тарта адам зардап шекті.