Естеріңізге сала кетейік, 30 қараша күні Минск метрополитенінде лаңкестік жасау бойынша айыпталған Дмитрий Коновалов пен Владислав Ковалев жазаның ең ауыр түрі - атуға кесілді. 11 сәуір күні Минск қаласы метросының "Октябрьская" стансасында болған жарылыс салдарынан 15 адам қаза тауып, 200-ден астамы ауруханаға жеткізілген болатын.
20:04, 09 Желтоқсан 2011
Минск метросын жарған лаңкес Лукашенкодан өзіне рақымшылық жасауды сұрайды
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Минск лаңкестерінің бірі президент Лукашенкоға өзіне рақымшылық жасауды сұрап, хат жазды. Бұл туралы өзін әлі де кінәлі деп есептемейтін сотталғанның анасы Владислава Ковалева мәлім етті.