Минск облысында ерекше табиғи құбылыс – Ай шеңбері көрінді
06:16, 07 Желтоқсан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін түнде Беларусь астанасы Минск пен Минск облысының тұрғындары аспанда ерекше табиғи құбылысты – Ай галосын көре алды, деп хабарлайды БЕЛТА.
Ол тұманды және жарық шеңбер ретінде көрінеді, ортасында біздің ғамшардың серігі – Ай орналасқан.
Гало (ескі грек тілінен – шеңбер, диск) – кез келген күшті жарық көзі айналасында жарқыраған сақина. Әдетте ол Күн немесе Ай айналасында пайда болады, бірақ кейде көшедегі шамдардың айналасында да көрінуі мүмкін.
Еске сала кетсек, биыл қазан айында Алматы үстінен осы жылдың ең жарық кометасы ұшып өткенін жаздық. Ғалымдар мұны ерекше құбылыс ретінде бағалады.