Оның пікірінше, Таулы Қарабақ жанжалын реттеуде тек келіссөздер арқылы теңгерімді саяси шешім оңтайлы болады. «ЕҚЫҰ біздің ортақ тағдырымыздың символы болып табылады. Осы орайда Ұйым бұдан да белсенді іс-қимыл жасауға бейімделуі тиіс»,-деді Франция Премьер-Министрі.
Айта кетейік, ЕҚЫҰ Минск тобының басты мақсаты - Армения мен Әзірбайжан арасындағы жылдар бойы жалғасып келе жатқан Таулы Қарабақ жанжалын шешу болып табылады.
13:06, 01 Желтоқсан 2010
Минск тобының тең төрағасы ретінде Франция Таулы Қарабақ жанжалын реттейтін шараларға қатысуға мүдделі- Франция Премьер-Министрі
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Минск тобының тең төрағасы ретінде Франция Таулы Қарабақ жанжалын реттейтін шараларға қатысуға мүдделі. Бұл туралы бүгін Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінде Франция Премьер-Министрі Франсуа Фийон мәлім етті.