Минскіде Достастықтың Спорт жөніндегі комитетінің мәжілісі өтеді
09:33, 20 Мамыр 2009
МИНСК. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат – Ертең Минскіде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесінің мәжілісі өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Достастықтың Атқарушы комитетіне сілтеме жасап. Мәжіліске қатысушылар Кеңес жұмысының бағыт-бағдарларын талқылайды, төраға сайлайды және футболдан «ТМД және Балтық елдері достастығының Чемпиондар кубогы» халықаралық турнирін өткізу мәселесін талқылайды.