Минскіде ЕҚЫҰ-ның XVIII Экономика-экологиялық форумына екінші дайындық конференциясының жұмысы аяқталды

СТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Минскіде «Шекара өткелдерінде лайықты басқаруды ілгерілету,

ЕҚЫҰ кеңістігінде жерүсті көліктерімен тасымалдаудың қауіпсіздігін жақсарту және автокөлік және теміржол көліктерімен халықаралық тасымалды жеңілдету» тақырыбын арқау еткен ЕҚЫҰ-ның XVIII Экономика-экологиялық форумына екінші дайындық конференциясының жұмысы аяқталды, деп хабарлады Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшілігінен.

Қазақстан делегациясының жетекшісі, көлік вице-министрі Азат Бектұров конференция жұмысын қорытындылаған сөзінде, талқыланып отырған мәселелердің, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының аясында тасымал қауіпсіздігінің жалпы құрылымын нығайту жөніндегі тұғырнама ретінде қарастырылып отырғанын атап көрсетті.

«Біз теміржол көлігіне акцент жасай отырып, алқалы талқылау өткіздік және кездесуімізді теміржол көлігіне қолдау көрсету және ЕҚЫҰ кеңістігінде сенімді және қауіпсіз теміржол көлік қатынасына жағдай жасауға арнадық», деп атап көрсетті вице-министр өз сөзінде.

Азат Бектұров сондай-ақ бұл конференцияның ағымдағы жылдың мамыр айында Прагада өтетін ЕҚЫҰ-ның XVIII Экономикалық-экологиялық форумында талқыланатын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасудың кезекті маңызды кезеңі болғанына сенім білдірді.