«Мен бүгін өткен келіссөздерді жоғары бағалаймын. Біздің бүгінгі кездесуіміздің басты нәтижесі - екіжақты байланыстарымызды және көпжақты форматта өзара әрекет етуді одан әрі тереңдету жолдарын айқындау. Олар біз Александр Григорьевич Лукашенкомен қабылдаған бірлескен мәлімдемеде көрініс тапты», - деп атап көрсетті ол.
Сонымен қатар Н. Назарбаев осы жылдың қыркүйек айында Қазақстан мен Беларусь арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толатындығын атап өтті.