Іс-шараны Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі Беларусьтің Мәдениет және өнер мемлекеттік университетімен бірлесе отыра ұйымдастырды. Конференция шеңберінде Қазақстанның даму болашағы мен қазіргі ахуалынан хабардар ететін кең ауқымды көкейкесті мәселелер қозғалды.
17:04, 11 Қараша 2011
Минскіде Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық конференция болып өтті
НСК. 11 қараша. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Бүгін Минскіде «Тәуелсіз Қазақстан: жасампаздықтың, сенім, тұрақтылықтың, қоғамның бірігуі мен мәдени байланыстардың 20 жылдығы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.