Минскіде «норманд төрттігінің» келіссөздері басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде Ресей, Франция, Германия және Украина көшбасшылары Владимир Путиннің, Франсуа Олландтың, Ангела Меркельдің және Петр Порошенконың «норманд төрттігі» келіссөздері басталды.

Минскідегі кездесу Франция президенті мен Германия канцлері өткен бейсенбіде бастаған байланыстарды жалғастыруда: сонда екі еуролық көшбасшысы Украина президентімен келіссөздер жүргізу үшін Киевте болған еді, ал келесі күні олар Мәскеуде болып Ресей мемлекетінің басшысымен кездесті, ал жексенбі күні барлық төрт басшының телефон арқылы үнқатысуы болды, деп хабарлады РИА Новости .

Кездесуді өздерінің байланыстары барысында төрт елдің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары әзірледі, сонымен бірге оның алдында Донбассты реттеу жөніндегі байланыс тобының отырысы болған еді.