«31 мамыр - 1 маусым аралығында Минск қаласында Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттері Сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтері басшыларының Консультативтік кеңесінің 19-шы отырысы өтеді. Отырыс барысында Тараптар Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығы аймақтарындағы азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау бойынша пікір алмасып, Минск қаласында қабылданған құқықтық жәрдем көрсету туралы келісім мен басқа да халықаралық келісім-шарттардың іске асырылуы туралы мәселелерді талқылайды», - деді ол.
Ресми өкілдің атап өтуінше, аталған отырыста Қазақстан тарапынан ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ырысқали Дәуренбек қатысады.