Минскіде ТМД елдері Халықаралық биржа қауымдастығының Тауар нарығын дамыту жөніндегі комитетінің 1-отырысы өтті
«Беларус әмбебап тауар биржасы» ААҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Анатолий Зарецкий оның орынбасары болды. «Еуразия тауар жүйесі» тауар биржасының баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, бұл Минскіде 29-қараша мен 2-желтоқсан аралығында өткен ТМД елдерінің Халықаралық биржа қауымдастығының Тауар нарығын дамыту жөніндегі комитетінің 1-отырысында белгілі болды. Оған «Еуразия тауар жүйесі» Тауар биржасы, «Қазақстан халықаралық тауар биржасы», «Өзбекстан Республикасының тауарлық-шикізат биржасы», «Украин банкаралық валюта биржасы» АҚ-дары мен «Санкт-Петербург халықаралық тауарлық-щикізат биржасы», «Молдова әмбебап тауар биржасы», «Беларус әмбебап тауар биржасы» ААҚ-ның өкілдері қатысқан болатын.
ТМД елдерінің Халықаралық биржа қауымдастығы 2000 жылы Мәскеуде құрылған. Халықаралық стандарттарға сәйкес, қаржы нарығын ұйымдастыруды дамыту бойынша күш-жігерді үйлестіру мақсатын көздейді. Оған ТМД-ның 9 елінен 20 жетекші биржа мен 2 депозатарий мүше. Жаңадан құрылған Тауар нарығы, дамыту жөніндегі комитеттің алдында тұрған басты міндеттер: тауар мен тауарлық деривативтермен биржалық сауда тәжірибесіне талдау және қорыту. Биржалық сауда пішіндері мен әдістерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен ұйғарымдар әзірлеу. Тауарлық деривативтердің тауар нарығын ұйымдастыру мен дамытуға әрекеттесу. Биржалық саудаға қатысушыларды тауар нарығының қатысушылардың сұранысын тіркеуді қамтамасыз ету. Қауымдастық мүшелері арасында тәжірибе алмасуға және биржааралық ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ету.